DIGITAL DESIGN PORTFOLIO
Библиотека Жанааркин
Created on July 3, 2023
More creations to inspire you
MY WORK EXPERIENCE
Personal Branding
MY SOCIAL MEDIA
Personal Branding
RESUME, LANGUAGES, & SKILLS
Personal Branding
ONLINE BUSINESS CARDS
Personal Branding
BUSINESS CARD
Personal Branding
LAYWER RESUME
Personal Branding
ABOUT ME - PERSONAL PRESENTATION
Personal Branding
Transcript
«Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз»
Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушы шығармаларында ерекше энергетика бар. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.
ӨМІРБАЯНЫ
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Әкесі Бөкей сөзге шешен кісі болған, анасы Күлия да ділмар, қажет жерінде өлең шығаратын кісі болған. Анасының әншілік өнері де болған. Оралхан отбасыдағы жалғыз ұл еді, Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия есімді бес қыздың ортасында өскен. Оралхан әкесі еңбек майданына кеткен кезде туған. Анасы әкесі Оралдан аман-есен оралсын деп, сәбидің атын Оралхан деп қойған.Оралхан жазушы болуды бала кезінен армандаған. Мектеп қабырғасында жүргенде тынымсыз, шағып сөйлейтін бала болыпты. Оқуда озат болып, мектепті үздік тәмамдаған. Тіл мен әдебиеттен бөлек есепке, алгебра, геометрияға жүйрік болған. Мектеп қабырғасында жүргенде "Бригадир" деген әңгіме жазған. Бұл қаламгердің алғашқы шығармасы. Оралхан мектепті тәмамдаған соң өнер жолын таңдап, Алматыдағы консерваторияның актерлік бөліміне оқуға қабылданады. Алайда әкеден қалған жалғыз бала болған соң анасы ұлының таңдауына қарсылық танытып, Оралхан оқудан шығады. Содан кейін қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің сырттай бөліміне ауысып, ауылына қайтады. Ауылда екі жыл тракторшы болып жұмыс істейді. Содан кейін Нарын аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, кейіннен тілші болып жұмыс істейді. "Бірінші таңдаған мамандығы – актерлік. Әртістік мамандыққа оқып жатқан кезде шешеміз қарсы болды. Ол кезде әртістерге көзқарас қазіргідей емес болатын. Қаншама жыл оқып әртіс болғанша, елге келіп тракторшы бол деп қайта-қайта хат жазатын. Шешең ретінде әртіс болғаныңа қарсымын деп жазғаннан кейін бірінші курс бітіргеннен кейін ауысты", - дейді Ғалия Бөкеева. Қазақ баспасөзінде "Шерханның шекпенінен шыққан" деген сөз бар. Шерхан Мұртаза еліміздің бас басылымдарына редакторлық қызмет атқарған жылдары қаншама таланттың бағын ашты, қанат бітірді. Соның бірі әрі бірегейі – от ауыз, орақ тілді Оралхан Бөкей. Асқар Алтайдың қойнауында трактор айдап жүрген арманшыл бозбаланың редакцияға жолдаған хатынан-ақ дарынын байқап, оны Алматыға арнайы алдыртқан.Осылайша, Оралхан Бөкей 1968 жылы Алматыға қоныс аударған. Келген соң "Жас Алаш" газетіне жұмысқа орналасты.1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей "Жұлдыз" журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.1970 жылы Алматы қаласындағы "Жазушы" баспасынан басылып шыққан "Қамшыгер" алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның "Үркер" (1971 ж.), "Қайдасың, қасқа құлыным?" (1973 ж.), "Мұзтау" (1975 ж.) әңгімелер мен повестері шықты. "Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер", - деп жазды замандасы қаламгер Дулат Исабеков. Оралхан Бөкейдің "Ән салады шағылдар" (1978 ж.), "Үркер ауып барады" (1981 ж.), "Біздің жақта қыс ұзақ" (1984 ж.) әңгімелер мен повестері "Жалын" баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның "Құлыным менің" деп аталатын драмалық шығармалары "Өнер" баспасынан, 1987 жылы "Ұйқым келмейді" деп аталатын творчестволық әңгімелері "Жазушы" баспасынан шықты. "Алданған ұрпақ" трилогиялық романы қолжазба ойлар күйінде аяқталмай қалған."Құлыным менің", "Текетірес", "Қар қызы", "Зымырайды поездар", "Жау тылындағы бала", "Мен сізден қорқамын" пьесалары қазақ және орыс тілінде республикалық, облыстық театрларда қойылған. Кітаптары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай тілдеріне аударылған. Оралхан мақтан сүйгіш болмаса да, марапаттан құралақан қалмады. 1976 жылы "Құлыным менің" пьесасы үшін Қазақстан Республикасы жастар сыйлығының лауреаты, араға екі жыл салып "Найзағай ізі" повестер мен әңгімелері үшін бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. 1986 жылы "Біздің жақта қыс ұзақ" повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Қаламгердің қазасы Саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен қазақ журналистикасына сарп еткен Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде іс сапарда жүріп, Делиде қайтыс болды. Артында Айхан есімді ұлы мен Айжан есімді қызы қалды.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

КІТАПТАРЫ
Мақалалары
Ержанова , Д. «Жұлдызы – гауһар, суы – кәусар» // Ұлан газеті – 2013. – 2 сәуір (№13). – 6 б. Аманжол, Қ. Оралхан Бөкейдің бірегей томы // Егемен Қазақстан. – 2013. – 27 шілде (№178). – 10 б. Анаш, Д. Оралханның тойы // Егемен Қазақстан. – 2013. – 9 тамыз (№186). – 10 б. Құрманғали , Қ. Қазақ туралы жыр //Егемен Қазақстан.- 2013. – 10 қыркүйек (№208). – 5 б.
"Оралхан дүниеден озғалы,бірнеше жыл өтті. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. «Бақытсызға медет болады» -деп жазды.
Шерхан Мұртаза.
Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді", - деген пікір айтты.
Қасым Қайсенов
Оралхан Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымалдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді.
Әбіш Кекілбаев
Оралханның прозасы өзінің терең өміршеңдігімен құнды. Ол – өз оқырманын ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы.
Айгүл Кемелбаева
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44 Б 78 Бөкей Оралхан. Шығармалары. Роман, повестер. Оралхан Бөкей. –Алматы: «Ел –шежіре», -2013. Т.2. -384 б. Жазушының көптомдық «Шығармаларының» қолыңыздағы 2-томына «Атау –кере» романы және «Бәрі де майдан», «Құм мінезі» атты екі повесі енді. Романда Алтай тауындағы омарташылар өмір – тіршілігі қамтылған. Бас кейіпкер Еріктің, оның шешесі Нюраның, жұбайы Айнаның арасындағы оқиға психологиялық ауанда өрбиді.Сондай –ақ бас тұлғаның бірі Таған атты атпал жастың талантын таптаған маскүнемдік дертке душар болу себептері де сезімталдықпен суреттеледі.Автор сонымен бірге сонымен бірге сонау ашаршылық, жеке басқа табынушылық кезіндегі ел ішіндегі нәубетті дәл көрсетіп, көңілге қозғау салады.Жинақтағы екі повест те тіл көркемдігімен, ой тереңдігімен, образ кесектігімен ерекшеленеді.
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44 Б 78 Бөкей Оралхан. Шығармалары. Әңгімелер. Оралхан Бөкей. –Алматы: «Ел –шежіре», -2013. Т.4. - 384 б. Көптомдықтың бұл томына жазушының өткен ғасырдың 60 -70 жылдары жазылған алғашқы әңгімелері мен 80 –жылдары дүниге келген «Ауыл хикаялары» атты әңгімелер топтамасы енген. Мұндағы әрбір әңгіме кезінде оқырманын да, әдеби ортаны да тіл көркемдігімен сүйсінткен, ой тереңдігімен тәнті еткен.
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44 Б 78 Бөкей Оралхан. Шығармалары. Повестер, әңгіме –хикаяттар, пьесалар. Оралхан Бөкей. –Алматы: «Ел –шежіре», -2013. Т.5. - 384 б. Көптомдықтың бұл 5 –ші томына жазушының кезінде оқырманнан жоғары бағасын алған «Қайдасың, қасқа құлыным», «Айпара ана» сынды повестері мен бір топ әңгіме –хикаяттары және екі пьесасы еніп отыр.
- Lorem ipsum dolor sit amet.
- Consectetur adipiscing elit.
- Sed do eiusmod tempor incididunt ut.
- Labore et dolore magna aliqua.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua.Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore.Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do.
Consectetur adipiscing elit
Lorem ipsum dolor
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit
1970 жылы шыққан «Қамшыгер» деп аталатын алғашқы жинағымен жұртшылықты елең еткізген жазушының есімін «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) деп аталатын әңгімелер мен повестері жалпақ жұртқа жария етті. Одан кейін «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984), «Ұйқым келмейді» (1987) деген туындыларын өмірге әкелген О.Бөкейдің 1986 жылы «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармасы жарыққа шықты. Оның «Құлыным менің» (1974), «Текетірес» (1976), «Қар қызы» 1982), «Зымырайды поездар» (1984), «Жау тылындағы бала» (1985), «Мен сізден қорқамын» (1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылды. «Құлыным менің» пьесасы үшін 1976 жылы ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған жазушының көптеген шығармалары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа шетел тілдеріне аударылды. «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режиссері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды. Артында қолжазба күйінде аяқталмай қалған «Алданған ұрпақ» деп аталатын трилогиялық романын қалдырған О.Бөкейдің 1994 жылы повестерінің «Таңдамалы» деген атпен 1 томы, ал 1996 жылы повестері мен романдарының 2 томы «Жазушы» баспасынан жарық көрген болатын
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Әкесі Бөкей сөзге шешен кісі болған, анасы Күлия да ділмар, қажет жерінде өлең шығаратын кісі болған. Анасының әншілік өнері де болған. Оралхан отбасыдағы жалғыз ұл еді, Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия есімді бес қыздың ортасында өскен. Оралхан әкесі еңбек майданына кеткен кезде туған. Анасы әкесі Оралдан аман-есен оралсын деп, сәбидің атын Оралхан деп қойған.Оралхан жазушы болуды бала кезінен армандаған. Мектеп қабырғасында жүргенде тынымсыз, шағып сөйлейтін бала болыпты. Оқуда озат болып, мектепті үздік тәмамдаған. Тіл мен әдебиеттен бөлек есепке, алгебра, геометрияға жүйрік болған. Мектеп қабырғасында жүргенде "Бригадир" деген әңгіме жазған. Бұл қаламгердің алғашқы шығармасы. Оралхан мектепті тәмамдаған соң өнер жолын таңдап, Алматыдағы консерваторияның актерлік бөліміне оқуға қабылданады. Алайда әкеден қалған жалғыз бала болған соң анасы ұлының таңдауына қарсылық танытып, Оралхан оқудан шығады. Содан кейін қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің сырттай бөліміне ауысып, ауылына қайтады. Ауылда екі жыл тракторшы болып жұмыс істейді. Содан кейін Нарын аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, кейіннен тілші болып жұмыс істейді. "Бірінші таңдаған мамандығы – актерлік. Әртістік мамандыққа оқып жатқан кезде шешеміз қарсы болды. Ол кезде әртістерге көзқарас қазіргідей емес болатын. Қаншама жыл оқып әртіс болғанша, елге келіп тракторшы бол деп қайта-қайта хат жазатын. Шешең ретінде әртіс болғаныңа қарсымын деп жазғаннан кейін бірінші курс бітіргеннен кейін ауысты", - дейді Ғалия Бөкеева. Қазақ баспасөзінде "Шерханның шекпенінен шыққан" деген сөз бар. Шерхан Мұртаза еліміздің бас басылымдарына редакторлық қызмет атқарған жылдары қаншама таланттың бағын ашты, қанат бітірді. Соның бірі әрі бірегейі – от ауыз, орақ тілді Оралхан Бөкей. Асқар Алтайдың қойнауында трактор айдап жүрген арманшыл бозбаланың редакцияға жолдаған хатынан-ақ дарынын байқап, оны Алматыға арнайы алдыртқан.Осылайша, Оралхан Бөкей 1968 жылы Алматыға қоныс аударған. Келген соң "Жас Алаш" газетіне жұмысқа орналасты.1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей "Жұлдыз" журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.1970 жылы Алматы қаласындағы "Жазушы" баспасынан басылып шыққан "Қамшыгер" алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның "Үркер" (1971 ж.), "Қайдасың, қасқа құлыным?" (1973 ж.), "Мұзтау" (1975 ж.) әңгімелер мен повестері шықты. "Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер", - деп жазды замандасы қаламгер Дулат Исабеков. Оралхан Бөкейдің "Ән салады шағылдар" (1978 ж.), "Үркер ауып барады" (1981 ж.), "Біздің жақта қыс ұзақ" (1984 ж.) әңгімелер мен повестері "Жалын" баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның "Құлыным менің" деп аталатын драмалық шығармалары "Өнер" баспасынан, 1987 жылы "Ұйқым келмейді" деп аталатын творчестволық әңгімелері "Жазушы" баспасынан шықты. "Алданған ұрпақ" трилогиялық романы қолжазба ойлар күйінде аяқталмай қалған."Құлыным менің", "Текетірес", "Қар қызы", "Зымырайды поездар", "Жау тылындағы бала", "Мен сізден қорқамын" пьесалары қазақ және орыс тілінде республикалық, облыстық театрларда қойылған. Кітаптары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай тілдеріне аударылған. Оралхан мақтан сүйгіш болмаса да, марапаттан құралақан қалмады. 1976 жылы "Құлыным менің" пьесасы үшін Қазақстан Республикасы жастар сыйлығының лауреаты, араға екі жыл салып "Найзағай ізі" повестер мен әңгімелері үшін бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. 1986 жылы "Біздің жақта қыс ұзақ" повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Қаламгердің қазасы Саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен қазақ журналистикасына сарп еткен Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде іс сапарда жүріп, Делиде қайтыс болды. Артында Айхан есімді ұлы мен Айжан есімді қызы қалды.
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44 Б 78 Бөкей Оралхан. Шығармалары. Очерктер, публицистикалық мақалалар. Оралхан Бөкей. –Алматы: «Ел –шежіре», -2013. Т.7. -384 б. Өткен ғасырдың 60 -70 жылдары тек талантты жазушы ғана емес, жаңашыл журналист, жалынды публицист ретінде де көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген Оралхан Бөкейдің бұл томына кезінде әртүрлі баспасөзде жарияланған очерктері мен публицистикалық мақалалары топтастырылған.Мұндағы материалдар тақырыптық өрісіне қарай «Алтай әуендері», «Өнер» және «Жастық жалыны» атты үш бөлімге жинақталып беріліп отыр.
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44 Бөкей Оралхан. Өз отыңды өшірме. Роман. Оралхан Бөкей – Алматы: «Ел –шежіре», -2103 Т.1. -392 б. «Өз отыңды өшірме» жазушы Оралхан Бөкейдің роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Совет өкіметін түпкілікті орнату мен Түркістан – Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін елжірейді. Романның оқиғасы қызықты, тілі көркем. Кітап жалпы оқырмандарға арналған.
- Lorem ipsum dolor sit amet.
- Consectetur adipiscing elit.
- Sed do eiusmod tempor incididunt ut.
- Labore et dolore magna aliqua.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua.Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore.Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do.
Consectetur adipiscing elit
Lorem ipsum dolor
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44Б 78 Бөкей Оралхан. Шығармалары. Пьесалар. Оралхан Бөкей. –Алматы: «Ел –шежіре», -2013. Т.6. -384 б. Бұл томға жазушы –драматургтің кезінде республика, шетел театрларында сахналанған сегіз пьесасы топтастырылған.Бұлардың барлығы дерлік тақырыптық, мазмұндық жағынан еш уақытта ескірмейтін, сондай –ақ айтар ой, көтерген мәселесінің құндылығымен бүгінгі де ертеңгі ұрпақтың әмсе рухани қажетін өтей беретіні сөзсіз.
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7 -44 Б 78 Бөкей Оралхан. Шығармалары. Повестер. Оралхан Бөкей. –Алматы: «Ел –шежіре», -2013. Т.3. - 384 б. Әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған жазушы Оралхан Бөкей тұтас ұрпақты сұлулыққа, адамдыққа, жақсылыққа інкәр етіп тәрбиеленген –ді.Ізгілікке құштар қуатты қаламынан туған мәңгі өшпес шығармалары қалың оқырман қауымның айырылыспас жансерігіне айналып, бағыт –бағдаршысы болып кетті.Ғұмыры ерте үзілген аса талантты жазушының бұл томына қазақ әдебиетінің тарихынан ойып орын алатын бірегей повестері, қазіргі тілмен айтсақ –хикаяттары топтастырылып беріліп отыр.