Want to make creations as awesome as this one?

Transcript

Бастау

ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Суреттегі аңдардың атауын табыңыз

Атауын тауып көр

Офиура

Африкалық цивета

1/10

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

1/10

- Африкалық цивета – тек тропикалық Африкада тіршілік ететін сүтқоректі. - Африкалық циветаның бет – әлпеті – итке, дене – бітімі мысыққа ұқсайды, бірақ аяқтары – қысқа, ұзын әрі ішке қарай бүгілген тырнақтары болады.- Циветаның мойынының үстіңгі жағында қысқа жалы болады. - Африкалық цивета сахаралық Африка мен Ботсвананы, Намибия мен Оңтүстік Африканы мекендейді. - Көбінесе түнде белсенді, бірақ бұлтты күндері таңертеңгілік мезгілде де ояу жүреді. - Цивета орта есеппен 15 – 20 жыл өмір сүреді. - Күндіз бітік өскен қалың шөпке жасырынып жатады. Біле жүр ! Басқа циветалар тәрізді африкалық циветаның шабында хош иісті сұйықтық бөлетін безі болады. Ол циветин деген атаумен парфюмерия өнеркәсібінде қолданылады.

Африкалық цивета

Сауытты аң

Африкалық цивета

2/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

2/10

- «Сауытты аң» - ағылшынша «армадилло» деп аталады. Бұл сөз испан тілінің «армадо» деген сөзінен шыққан, «қарулы» деген мағына береді.- Сауытты аңның құйрығымен қосқандағы ұзындығы – 75 см. Ірілерінің ұзындығы 100 см – ге, салмағы 30 келіге дейін жетеді. - Сауытты аң сояудай тырнақтарымен ін қазады, қорегін тауып жейді. - 12-15 жылға дейін тіршілік етеді. - Оңтүстік және Орталық Американың қоңыржай және жылы аймақтарын мекен етеді. Тропиктік ормандарда, көкорай шалғындыдалада және шөлейттерде де кездеседі.- Көздері өте нашар көреді. Есесіне, иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Мықты аяқтары мен сояудай алдыңғы тырнақтары жер қазуға икемді.- Сауытты аң ұсақ аңдармен, түбірлі өсімдіктермен, жидектермен қоректенеді. - Ұзын, жабысқақ, сілекейлі тілімен 40 мыңға жуық құмырсқаны бірдей жей алады.Біле жүр! Сауытты аң топырақ қазып, қорек іздеп жатқанда шаң жұтпас үшін 6 минуттай тыныс алмай тұра алады екен.

Сауытты аң

Офиура

Капибара

3/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

3/10

- Офиура – омыртқасыздар бөлімі, тікентерілер типіне жататын су жәндігі.- Офиура теңіз немесе мұхит табанындағы губкалардың және отырықшы жәндіктердің денесінде немесе өздігінше тіршілік етеді.- 1500 түрі кездеседі. Қызыл, қоңыр, сары, жасыл-сары және қара түрлері бар. Офиураға жақын туыс болып келетін «кәрзеңке жұлдыз» деген жәндік бар. - Офиуралардың қармалауыштары үзіліп қалса, қайтадан өсіп шығады. - Сырттай қарағанда теңіз жұлдыздарына ұқсайды. Денесі диск тәріздес домалақ, одан шығатын бес иілгіш ұзын қолдары бар. Қолдары бірнеше буыннан, қозғалысқа келтіріп тұратын бірнеше ішкі «омыртқалардан» құралған. - Офиураның бес бұрышты аузы құрсағының ортасында. Оны айналдыра бес жақ сүйек орналасқан. Жақ сүйектің артында өңеші бар. Қапшық тәрізді асқазаны дискінің біршама бөлігін алып жатыр. - Мұхиттың тұңғиық тереңінде, тіпті 5000 – 6000 метр тереңдікте де тіршілік етеді. Біле жүр!Офиураларда көз болмайды, бірақ олардың терісінде жарықты сезетін эпидермис бар.

Офиура

Утіс

Капибара

4/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

4/10

- Капибара – су доңыздары тұқымдасына жататын сүтқоректі. Ол – қазіргі кеміргіштердің ішіндегі ең ірісі. - Оның басы – үлкен, тұмсығы – жалпақ, денесі бөшке тәрізді болады. Үстіңгі ерні – қалың, кішкентай, құлақтары дөңгелекше болып келген. - Сирек те болса, қайратты қылшығы капибараны түрлі жарақаттардан сақтайды.- Аяқтары ескек тәрізді болып біткен. Алдыңғы аяқтарында – төрт, артқы аяқтарында үш саусағы бар. Саусақтары бір – бірімен жүзу жарғақтары арқылы жалғасқан. Құйрығы жоқ. - Капибара неше түрлі дыбыс шығарады: ысқырады, қорсылдайды, шиқылдайды, пырылдайды. Әсіресе, жас капибара өзгелермен байланысқа шығу үшін пырылдап белгі береді. - Адамдар капибараның етін жеп, терісінен түрлі заттар жасайды. - Капибараны аң ретінде аулайды, үй жануары ретінде де асырайды. Табиғатта 8 – 10 жыл, қолда 12 жыл өмір сүреді. - Аталық капибаралардың тұмсығында иіс бездері болады. Капибара сол иіс бездері арқылы өзі мекен ететін жерді белгілейді. Біле жүр!Капибаралар суда өте жақсы жүзеді. Олар жемтігін суға сүңгіп, су астында бес минуттай жатып аңдиды.

Капибара

Сары теңбіл саламандра

Айдарлы жармасқы

5/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

5/10

- Айдарлы жармасқы (геккон) – бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отрядының жармасқылар тұқымдасына жататын кішігірім кесіртке. Әлемнің климаты жылы аймақтарында тіршілік етеді. - Кесірткелердің ішінде айдарлы жармасқы өзіне ғана тән дыбыс шығару қабілетімен ерекшеленеді. Олар бір-бірімен шырылдасып «сөйлеседі». - Айдарлы жармасқының 1196 түрі бар. - Кейбір түрлері адамдардың баспанасын мекен етеді. Қолға үйретілген үй гекконы тарақан, шыбын, қандала тәрізді зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. - Гекконның құйрығының астыңғы жағында жабысқақ қылшық болады. - Айдарлы жармасқының көзі өте үлкен болады, тігінен орналасқан қарашығы қараңғыда тіпті үлкейіп кетеді. - Айдарлы жармасқының құйрығы үзілгіш, бірақ тез өсіп, қайта қалпына келеді. Біле жүр!Геккондардың аталықтарын бір жерде ұстамаған абзал. Ал, егер бір аталықтың қасына екі аналықты қосса, аналықтар бір – бірімен жанжалсыз тіл табысады.

Айдарлы жармасқы

Айдарлы жармасқы

Европалық лангуст

6/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

6/10

- Европалық лангуст – бақалшықсыз жоғары шаяндар отрядына жататын шаян. Денесі тек екі бөліктен – баскеуде және құрсақтан құралады. Денесін қозғалысқа келтіретін бұлшық етті аяғы басында орналасқан. - Ертеде лангуст қазіргідей таңсық тағам саналмайтын. Лангуст жеу кедейліктің белгісі болатын. Айлақты қалалардан алыс жерлерде лангустты консерві қалбырына салып сататын. - «Терең судағы лангуст» - Жерорта теңізінде ауланатын лангуст. - Лангусттың қысқыш аяқтары болмайды, бірақ мұрттары өте ұзын келеді. Кейде денесінен екі есе ұзын болады. - Ірі лангусттың денесінің ұзындығы 60 см – ге дейін барады. Ол семіз, ауыр денелі болғандықтан, салмағы 8 келіге дейін тартады. Біле жүр! Лангусттың денесі қатты хитин қабығынан тұрады, бұл оны жыртқыштардан қорғайды.

Европалық лангуст

Европалық лангуст

Сары теңбіл саламандра

7/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

7/10

- Сары теңбіл саламандра – құйрықты қосмекенділер отрядына жатады. Саламандраның түрі кесірткеге ұқсайды, бірақ дене құрылысы жағынан балықтарға жақын. Басының кеудесіне, кеудесінің құйрығына жалғасқаны мүлде байқалмайды. - Саламандралардың 500–дей түрі бар. - Сары теңбіл саламандра Оңтүстік және Орталық Еуропаның қыратты бөліктеріндегі ормандарда тіршілік етеді. - Кейбіреуінің денесі сары түсті дақтар, тағы бірін сары жолақтар жапқан. Ашық және аралас түсі жауларына саламандраның улы екенін ескертеді. - Саламандралардың жауы жыландар, жыртқыш балықтар, қабан мен құстар болып табылады. - Сары теңбіл саламандра жапырақ астына жасырынғанды ұнатады. Біле жүр! Жапония мен Қытайда ұзындығы 1,8 метр, салмағы 30 келі болатын алып саламандралар тіршілік етеді.

Сары теңбіл саламандра

Ұшатын балық

Ируканджи

8/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

8/10

- Ұшатын балық – балықтар класының саргантәрізділер отрядына жататын теңіз балығы. Оның 50-60 түрі бар. Түсі көкшіл – сұр, арқа жотасы – қара көк, астыңғы бөлігі ақ күміс түсті болып келеді. - Дене тұрқы 50 см – ден аспайтын бұл балықтардың көпшілігі су бетінде қалықтап ұшуға қабілетті. - Ұшатын балықты дүниежүзі мұхиттарының бәрінен, әсіресе, Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының тропиктік және субтропиктік айдындарынан кездестіруге болады. - Ұшатын балықтың басты ерекшелігі – құстың қанаты сияқты өте жалпақ кеуде қанаттары болатындығында. Жыртқыштардан құтылып кетуі үшін балық су бетіне ыршып шығып, біраз жерге дейін ұшып өтеді. - Балық жоғары қарай ұшқанда, оның құйрық қанаттары мотордың қызметін атқарады. Ол суды секундына 90 ретке дейін соққылайды. - Балық әуеге 1,2 метрге дейін көтеріліп, 200 метр жерге дейін ұша алады. Біле жүр! Теңізшілер ұшатын балықтарды кеме палубасынан да кездестіріп калады. Бұл - балықтардың қаншалықты жоғары ұшатынын көрсетеді.

Ұшатын балық

Алып құмырсқажегіш

Ируканджи

9/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

9/10

- Құмырсқажегіштер алып, ергежейлі және төрт аталы деген туысқа бөлінеді. - Құмырсқажегіш тропиктік және жалпақ жапырақты ормандарда, шалғынды далада жеке – дара тіршілік етеді. - Құмырсқажегіш ұзын тұмсығымен құмырсқаның илеуін бұзады. - Негізінен, құмырсқалармен, термиттермен қоректенеді. Күніне 30000 ға жуық жәндік олардың қорегіне айналады. - Ересек кезінде тіс өспейді. Алып құмырсқажегіш – тіссіз жаратылған екі сүтқоректінің бірі. Есесіне, оның тілі өте ұзын болады. - Денесінің ұзындығы 110 – 130 см. Басы түтікке ұқсас ұзын әрі жіңішке, кішкентай болады. Салмағы 29 келіден 40 келіге дейін тартады. Құйрығы ұзын, жүнін қоса есептегенде шамамен 95 см – ге жетеді. Мұрнынан құйрығының ұшына дейінгі жалпы ұзындығы 2,3 м-дей болады. - Құмырсқажегіш бір ғана ұрпақ әкеледі және келесі ұрпағы дүниеге келгенше оны арқасына салып көтеріп жүреді. Біле жүр! Алып құмырсқажегіштің тағы бір атауы – тридактиль. Тридактиль «үш саусақты» деген мағына береді.

Алып құмырсқажегіш

Мүйізді кесіртке

Утіс

10/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

10/10

- Утіс бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отрядының кесірткелер тұқымдасына жатады. Америка құрама Штаттарының оңтүстік – батысы мен Мексиканың солтүстігінде тіршілік етеді. - Утіс өзге кесірткелерден моншақты терісі арқылы ерекшеленеді. - Солтүстік Америкада екі улы кесіртке тіршілік етеді. Утіс - соның бірі. Екіншісі – «мексикалық моншақты кесіртке» деп аталады. - Утіс сырт көзге түсе бермейді, сондықтан оның өмірін бақылау өте қиын. - Утістің у бөлінетін сілекей бездері астыңғы жақ сүйегінде орналасқан, тістерімен шағады. Түсіп қалған тістері үнемі қайтадан өсіп шығады. Утіс көктем айларында өте белсенді, өйткені бұл кезде құстар ұя салып, жұмыртқа басады. Сол кезде оның сүйікті қорегі –жұмыртқа көп болады. Иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Олар тереңдігі 15 см-ге дейін жасырылған жұмыртқаны тауып жейді. - Біреу тиіспесе, утіс өздігінен ешкімді шақпайды. Біле жүр! Утістің жауы – адамдар, койот қасқыры және жыртқыш құстар.

Утіс

Утіс

Жарық құйрықтыжыланбалық

10/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

10/10

- Жарық құйрықты жыланбалық - сүйекті балықтардың жыланбалық тәрізділер тұқымдасына жатады. Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде тіршілік етеді. - Жарық құйрықты жыланбалықтың кейбір түрінің денесінің ұзындығы - 60 см, кейбір түрлерінікі 2 метр болады. - Жарық құйрықты жыланбалықтың жүзу торсылдағы, қабырғалары, құйрық қанаты және сүйек қаңқасы болмайды. Сондықтан бұл балықтар өте жеңіл тартады. - Суда онша жүзе алмайды. Жылан сияқты ирелеңдеп қозғалады. - Жарық құйрықты жыланбалықтар басқа балықтармен қоректенеді. - Жыланбалық аузын үнемі ашып жүреді, ол аудың қызметін атқарады. Жемтіктер оған өздері келіп түседі. Біле жүр! Жарық құйрықты жыланбалықтың құйрығының ұшында жарық шығаратын биолюминисцентті мүшесі болады.

Жарық құйрықты жыланбалық

Мүйізді кесіртке

Утіс

2/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

2/10

- Мүйізді кесіртке бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отрядының бақа тәрізді кесірткелер тұқымдасына жатады. - Оны «мүйізді бақа» деп те айтады. Бірақ ол бақа емес. - Мүйізді кесірткенің «бақа» аталу себебі – оның жалпақ денесі мен келте, пұшық тұмсығының бақаға ұқсауына байланысты және ол бақа тәрізді жүрелеп отырады. - Канаданың оңтүстігі мен Гватемалаға дейінгі жерлерден және Солтүстік пен Орталық Американың шөл және шөлейт аймақтарынан мүйізді кесірткенің ондаған түрін кездестіруге болады. - Негізінен, құмырсқалармен қоректенеді. Бейқам кетіп бара жатқан құмырсқаны күтіп отырады да, тілін шығарып, жапсырып алып шайнамай жұтады. - Техас мүйізді кесірткесі көзінің шеткі ұшынан жауына қарай 12 метр қашықтыққа дейін қан атқылатады. Біле жүр! Мүйізді кесірткенің кей түрлері көзінің ұшынан дұшпанына қарай қан шашыратады.

Мүйізді кесіртке

Ируканджи

Комодо келесі

3/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

3/10

- Ируканджи – омыртқасыздар бөлімі ішекқуыстыларға жататын су жәндігі. Ол кезінде Тынық мұхитының австралиялық аймағында тіршілік еткен. Бірақ жаһандық жылынуға байланысты қазір дүниежүзіндегі мұхиттардың көптеген бөліктеріне тарап кетті. - Академик Гюго Флекер оны 1952 жылы «ируканджи» деген австралиялық тайпаның құрметіне атады. - Ируканджилердің тіршілігі мен уы әлі толық зерттелмеген, адамдар олар туралы аз біледі. - Ируканджи – көзге онша көрінбей, қозғалмай тұрып шағатын жыртқыш. - Оның денесі өте нәзік. Сондықтан, оны аквариумде асырауға болмайды. Біле жүр! Ируканджидің диаметрі – 2,5 см ғана. Бірақ ол шаққан адам екі – үш күнде көз жұмады.

Ируканджи

Мүйізді кесіртке

Комодо келесі

4/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

4/10

- Әлемдегі ірі кесіртке. Ұзындығы – 2-3 метр, салмағы 70 келіге дейін жетеді. Құйрығының ұзындығы денесінің ұзындығының жартысындай болады. - Комодо келесінің ерекше ірі болуы - оның ас қорыту жүйесінің баяу жұмыс істеуіне және Комодо аралында одан ірі етқоректі жануардың жоқтығына байланысты болуы мүмкін. - Комодо келесінің өткір 60 тісі болады. Тістер ұстаған қорегінің денесін паршалап турап тастауға ыңғайлы орналасқан. - Мамыр мен тамыз айларында шағылысып, қыркүйек айында жұмыртқа салады. Жиырма шақты жұмыртқаны 7-8 ай басып, құрт – құмырсқа көбейген кезде, яғни, сәуір айында балапандары жұмыртқаны жарып шығарады. - Иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Ұстаған қорегін бәрі бөлісіп, түк қалдырмай жеп қояды. - Комодо келесі өтіп бара жатқан елікті немесе қабанды аңдып жатады. Сосын қорегін күтпеген жерден бас салады. Біле жүр! Комодо келесі сағатына 18 шақырым жер жүре алады. Үш жастан бес жасқа дейінгі аралықта толысып, ересек күйге енеді. Елу жылға дейін өмір сүреді.

Комодо келесі

Европалық лангуст

Терілі тасбақа

5/10

Атауын тауып көр

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit, sed diam nonummy nibh euismod tincidunt

Келесі

5/10

- Терілі тасбақа – дүниежүзіндегі тасбақалардың ең ірісі. - Терілі тасбақалар тіршілік ету ортасын жиі ауыстырып тұрады. Олар Атлант мұхитынан Тынық мұхитына, Тынық мұхитынан Атлант мұхитына көшіп жүреді. - Терілі тасбақалар жақсы жүзеді, суда жүзу арқылы алыс сапарларға шығады. - Медузалармен, шаян тәрізділермен, басаяқты моллюскілермен, ұсақ балықтармен қоректенеді. - Осы тасбақалар ғана 1500 метр тереңдікке сүңгіп, су астында 35 минут тұра алады. Біле жүр! 1988 жылы Уэльстің батыс жағалауынан салмағы – 916 келі, ұзындығы 4,5 метр болатын терілі алып тасбақа табылды. Ол бұрын – соңды табылған тасбақалардың ең үлкені.

Терілі тасбақа

Қайтадан бастау

Барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Кері қайту